30.10.2024

Қазақстан тарихы 9-сынып. 1945–1985 жылдардағы қазақстандағы білім беру жүйесі

«Мектеп» баспасынан жарық көрген 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында «1945–1985 жылдардағы Қазақстандағы білім беру жүйесі» тақырыбында соғыстан кейінгі кезеңдегі еліміздегі білім беру жүйесі қарастырылған. Оқушылар оқулық материалынан сол кезеңдегі білім беру саласындағы реформалармен тереңірек танысады. Орта білім беру жүйесіне көшу не үшін қажет болғанын анықтайды.


Күндізгі және жалпы білім беретін мектептердің дамуын, сонымен қатар міндетті сегізжылдық және жалпы орта білім беру ісінің дамуын оқып біледі. Жалпы білім мен кәсіби мектептердегі қайта құрудың бағыттарымен танысып, олардың негізгі мақсаттарын айқындайды. Кеңестік білімнің артықшылықтары мен кемшін тұстары туралы біледі.


Әртүрлі деңгейдегі сұрақтардың берілуі оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырады. Тақырып соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалар сабақты бекітуге көмектеседі. Сабақта берілген тарихи суреттер мен кесте көрнекі ресурс ретінде оқу материалына сай келеді. QR-кодта және параграфтағы ойлан, анықта, орында атты айдарларда берілген тапсырмалар оқушылардың талдау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Материалды «Мектеп» баспасының және Oqulyqtar.kz білім беру платформасының баспасөз қызметі дайындады

Суреттер: «Мектеп» баспасы