21.11.2024

Дүниежүзі тарихы. 8-сынып. Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты». Соғыс аралығы кезеңіндегі АҚШ-тың сыртқы саясаты

«Мектеп» баспасынан жарық көрген 8-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқулығындағы Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты». Соғыс аралығы кезеңіндегі АҚШ-тың сыртқы саясаты» тақырыбында әлеуметтік реформалар, соғыс кезеңіндегі АҚШ-тың сыртқы саясаты жүйелі қамтылған. Тақырыпта Ф. Рузвельт дағдарыстан шығу және әлеуметтік шиеленісті жұмсарту үшін америка халқына «Жаңа бағыт» атты саясатын ұсынды. Бұл америкалық қоғамдағы терең саясаттың бастамасы болды.


Банк жүйесі ірілендірілді, ауылшаруашылығы дамып, өнеркәсіп саласы қалпына келтірілді. Соның нәтижесінде әлеуметтік салалар реттелді. Сыртқы саясат қолға алынып,тауарлар жаңа нарыққа шыға бастады, экономика мен сауда дамыды.


Тақырыпта оқушылар «бағалы қағаздар нарығы», «акция», «алыпсатарлық», «қор биржасы», «несие», «банкроттық», «инфляция» ұғымдарымен танысады.


Фактілерді, үдерістерді, оқиғаларды, салыстыра отырып, индустриялық қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісу себептерін анықтап, оларды талдай және бағалай білуді үйренеді.


Параграфтан оқушылар сол кезеңде АҚШ пен Қытайдағы «ашық есік» пен «тең мүмкіндіктер» принципі сақталғандығын оқып біледі. Сондай-ақ АҚШ-тың екі соғыс аралығындағы Еуропада, Таяу Шығыстағы сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен және изоляционизм саясатымен танысады.


Әртүрлі деңгейдегі сұрақтардың берілуі оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырады. Тақырып соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалар сабақты бекітуге көмектеседі. Сабақта берілген тарихи суреттер мен кесте көрнекі ресурс ретінде оқу материалына сай келеді.


QR-кодта және параграфтағы бұл маңызды, ойланыңдар, анықтаңдар, біліміңді тексер атты айдарларда берілген тапсырмалар оқушылардың талдау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Материалды «Мектеп» баспасының және Oqulyqtar.kz білім беру платформасының баспасөз қызметі дайындады
Суреттер: «Мектеп» баспасы