07.11.2024

Физика 7-сынып. Қатты денелердің және газдардың молекулалық құрылымы. Инерция

«Мектеп» баспасынан жарық көрген 7-сыныпқа арналған «Физика» оқулығынан бізді қоршаған орта мен техника туралы пайдалы әрі қызықты материалдар табуға болады. Оқулықта негізгі ұғымдар, анықтамалар, формулалар арнайы қаріппен ерекшеленіп көрсетілген, танымдық сипаттағы материалдар жеке түспен берілген.


Физика пәнінде табиғи құбылыстарды зерттеудің негізгі әдісіне тәжірибе мен бақылауға негізделген эксперимент жатады.


Әр параграф соңында есептер берілген. Есеп шығара білу берілген материалды игеру нәтижесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.


Оқулықтағы «Қатты денелердің және газдардың молекулалық құрылымы. Инерция» тақырыбы 7-сыныптың оқушылары үшін ең маңызды және пайдалы тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл физикалық тақырыптардың әрқайсысы оқушылардың күнделікті өмірдегі құбылыстарды түсінуіне көмектеседі. Мысалға:

  • Қатты денелер мен газдардың молекулалық құрылымы оқушыларға материяның микроскопиялық деңгейде қалай ұйымдастырылғанын түсіндіреді. Бұл оларды материалдардың қасиеттерін, мысалы: қаттылық, серпімділік, газдардың кеңеюі мен сығылуын түсінуге көмектеседі. Бұл білім заттардың күйі, температураның әсері және заттардың бір күйден екінші күйге өту себептерін талдауға мүмкіндік береді.
  • Оқушылар инерцияның нақты өмірде қалай көрінетінін, мысалы: көлік қозғалысындағы қауіпсіздік белдіктердің рөлі, оның спортта және дене қозғалысында қолданылуын түсінеді.

«Қатты денелердің және газдардың молекулалық құрылымы. Инерция» тақырыбы физика ғылымының негізін түсінуге көмектесіп қана қоймай, оқушылардың күнделікті өмірдегі физикалық құбылыстарды түсінуін жақсартады. Инерция және молекулалық құрылымдар туралы білімдер олардың табиғат құбылыстарын тереңірек түсінуіне әсері зор.


Сабақта берілген сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың талдау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытып, сабақты бекітуге көмектеседі.

Материалды «Мектеп» баспасының және Oqulyqtar.kz білім беру платформасының баспасөз қызметі дайындады

Суреттер: «Мектеп» баспасы