«Цифрландыру» анықтамасы негізгі түсінікке айналды және отандық білім беру нарығында бірнеше жыл бұрын, пандемия мен локдаун кезеңінде берік орнықты. Сол кездегі шектеу іс-шаралары мен карантиндік жағдайларда бұл тұжырымдама білім беру жүйесін дамытудың бірден-бір мүмкін жолы болып қана қоймай, сондай-ақ оқу процесін тоқтатпаудың барынша тиімді тәсілі де болды. Көптеген елдердің бұл сегментті пандемиядан анағұрлым ертерек кезде белсенді дамытқанын атап өткен жөн.
Онлайн-оқыту жүйесі әлемде көптеген жыл бойы сұраныста, өте тиімді және үздік көрсеткіштер мен рейтингілерге ие болып отыр. Ол бізге еуропалық немесе америкалық университеттердегі тілдік курстар немесе екінші жоғары білім алу бағдарламаларының мысалынан жақсы таныс.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, бұл жүйе біз ойлағандағыдан анағұрлым көбірек мүмкіндіктер ұсынады. Біріншіден, үйде, сондай-ақ әлемнің кез келген жерінде жүріп те оқуға болады. Мысалы, егер бала оқу орнына бару үшін шектеулі мүмкіндіктерге тап болса, ауырып қалса немесе басқа елде болса, ол қандай да бір шектеулерсіз өз қатарымен тең толыққанды білім ала алады. Онлайн-білім беру көрсетілетін қызметтердің уақытпен де, кеңістікпен де шектелмеген кең ауқымын ұсынады.
Екіншіден, онлайн-оқыту жүйесі – жеткілікті деңгейдегі икемді және бейімделген өнім, ол оқушылар мен мұғалімдерге оқытудың тек дәстүрлі әдістерін пайдалана отырып, қол жеткізуге болмайтын мүмкіндіктерді ұсынады. Цифрлық технологияларды қолдану оқушыларға оқытудың қолайлы қарқынын, материал берудің жайлы қағидатын, сабақтың ұзақтығын, қосымша ақпаратты таңдап алуға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, онлайн-оқыту және электрондық оқулықтармен жұмыс істеу оқу процесінің тиімділігін жақсартуға, үлгерімді арттыруға және цифрлық ортада электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына жағдай жасайды.
Бүгінгі таңда әлемде 20-ға жуық ел цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын іске асыруда, олардың ішінде: Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Үндістан, Сауд Арабиясы, Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Ресей, Аустралия, Жаңа Зеландия бар. Бұл тізімге Қазақстан да кіреді. Дүниежүзілік көпшілік сарапшылардың пікірінше, технологиялар жарысының көшбасшылары Қытай, Сингапур мен Оңтүстік Корея болып табылады.
Қытайдың «Интернет плюс» мемлекеттік бағдарламасы Аспанасты елі экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Ол ұтқыр интернетті, аспандап кеткен технологияларды, мәліметтер мен интернет заттарының (бір-бірімен немесе сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге арналған технологиялармен жарақталған әртүрлі пәндер желісінің тұжырымдамасы) үлкен көлемін өндіріспен біріктірді. Жоба электрондық коммерция мен интернет-банкингті дамытуға бағытталған. Мақсаты – интернет-технологияларды, өнеркәсіп пен әлеуметтік секторды біртұтас етіп кіріктіру. Айта кетейік, Қытай интернет пен ұтқыр құрылғыларды ең ірі пайдаланушы болып табылады.
«Ақылды экономиканың» сингапурлық Smart Nation және Smart City жобалары қиял-ғажайып пен нақты дүниенің арасындағы шекті әлдеқашан өшіріп тастады. Smart Nation үкіметтік жобасы кәсіпкерлерді, ғалымдарды, шенеуніктер мен азаматтарды цифрлық технологияларды күнделікті өмірге енгізу және қала-мемлекеттің барлық халқы үшін мекендеудің жайлы және пайдалы ортасын жасауды біріктіреді. Бағдарламаның мақсаты – әлемде технологиялық жағынан ең дамыған ел болу. Және де бұл жерде білім беру саласы – ІТ-технологиялармен теңдей, негізгі салалардың бірі. Болашақ таланттар мен олардың жобаларына миллиардтаған доллар жұмсалады.
Оңтүстік Корея «Креативті экономика» стратегиясын іске асыруды көздеп отыр. Оның басты міндеті – елді өндіріске қарағанда, көрсетілетін қызметтерге көбірек қайта бейімдеу, өнеркәсіптік сектор емес, инновацияларды, білім беру мен ғылымды белсенді дамыту.
Көріп отырғанымыздай, басымдық беру жоғары технологиялар мен бұл технологияларды әзірлеуге, енгізуге және күнделікті өмірде толыққанды қолдануға қабілетті кадрларды дайындау жағына қарай ойысуда.
Айта кетейік, көптеген елдердің білім беру процесіне электрондық оқулықтарды енгізу тағы да бір аса маңызды міндетті шешті – балаларды ауыр сөмкелерден құтқарды. Барлығы өте қарапайым: оқушыларға қағаз оқулықтарды мектеп береді. Сабақтар аяқталғаннан кейін кітаптар мектеп сыныптарындағы сөрелерде қалады, ал оқушылар үйде электрондық оқулықтарды пайдаланады. Әлемдегі әртүрлі елдердегі мектеп оқушыларына жаңа технологиялардың ұнағандығы соншалық, бүгінгі күні кейбір еуропалық елдердегі мектептердің 30 пайыздан астамы оларды оқу процесіне енгізді.
Ал Қазақстанда онлайн-оқыту жүйесін енгізудің жай-күйі қандай? Білім берудің біздің елде енгізіліп жатқан заманауи жүйесі өздігінен оқуға арналған уақыт мөлшерін арттыруды көздейді. Оқу процесінде ақпараттық білім беру технологияларының рөлі өсе түседі, ал көшбасшылық позициялар электрондық оқулықтарға беріледі.
Онлайн-білім беру жүйесіне жаймен және тиімді өтуге арналған негізгі жағдайлар айқын: аумақты жылдамдығы жоғары кеңжолақты интернетпен барынша қамту, мектептердің компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі мен білім беру интернет-платформаларының бар болуы.
Республиканы оптикалық-талшықты желілермен қамту мәселесімен байланыстың ұлттық операторы «Қазақтелеком» айналысуда. Сондай-ақ әрбір отбасында дерлік ең аз дегенде желіге шығатын бір ұялы телефон бар. Республиканың ұялы телефон операторлары қазақстандық білім беру порталдарын пайдалану кезіндегі трафикті ескере бермейтін әртүрлі тарифтерді ұсынады. Сондай-ақ ұялы телефон байланысының операторлары оқушыларға арналған, құны 990 теңге болатын арнаулы «Білім» тарифін әзірледі. Бұл тарифтік жоспарда Казнеттің білім беру ресурстарына трафик тарифтелмейді.
Бір сөзбен айтқанда, интернетке қолжетімділік мәселесін шешу – толықтай жүзеге асатын іс. Мектептерді компьютермен қамтамасыз ету жағдаяты күрделірек. Процесс жылдам жүріп жатқан жоқ. Алайда бұл жерде де көмекке ұялы телефон немесе планшет келеді – кез келген гаджеттерде электрондық оқулықтар қолжетімді болады.
Қағидаттық жағынан, Қазақстанда цифрлық білім беру жүйесінің толыққанды қызмет етуіне арналған техникалық база қамтамасыз етіліп, дайын тұр. Oqulyqtar.kz білім беру платформасы – мұны тікелей растайды. Мүмкіндіктер – бар, жағдайлар – жасалуда. Оқу процесінде қазақстандық жетекші баспалардың платформаға орналастырылған электрондық оқулықтарын пайдаланыңыздар және болашаққа бізбен бірге тағы да бір қадам жасаңыздар.
Oqulyqtar цифрлық білім беру платформасының және электрондық оқулықтардың қызметімен www.oqulyqtar.kz порталында танысуға, сол жерде сараптамадан өткен және Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына енген оқулықтардың кез келген топтамасына жазылуды рәсімдеуге болады.
Материалды «Мектеп» баспасы мен Oqulyqtar.kz білім беру платформасының баспасөз қызметі дайындаған
Суреттер: «Мектеп» баспасы, Pixabay.com