21.11.2024

Физика 7-сынып. Қатты денелердің және газдардың молекулалық құрылымы. Қысым

«Мектеп» баспасынан жарық көрген 7-сыныпқа арналған «Физика» оқулығынан бізді қоршаған орта мен техника туралы пайдалы әрі қызықты материалдар табуға болады. Оқулықта негізгі ұғымдар, анықтамалар, формулалар арнайы қаріппен ерекшеленіп көрсетілген, ал танымдық сипаттағы материалдар жеке түспен берілген.


Физика пәнінде табиғи құбылыстарды зерттеудің негізгі әдісіне тәжірибе мен бақылауға негізделген эксперимент жатады. Әр параграф соңында есептер берілген. Есеп шығара білу берілген материалды игеру нәтижесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.


Оқулықтағы «Қысым» тақырыбы 7-сыныптың оқушылары үшін ең маңызды және пайдалы тақырыптың бірі болып табылады. Бұл тақырып оқушылардың ғылымды тереңірек ұғынуына және күнделікті өмірдегі құбылыстарды түсіндіруге көмектеседі. Мысалға:

  • қысым физика мен күнделікті өмірде маңызды рөл атқарады. Оқушылар газдардың және сұйықтықтардың қысымын, оның күшпен байланысты қалай өзгеретінін, сонымен қатар гидравликалық жүйелерде қалай қолданатынын білетін болады;
  • қысымның анықтамасын және оны есептеудің тәсілдерін үйрену оқушылардың ғылыми ойлауын дамытады;
  • қысым тақырыбын меңгеру арқылы оқушылар Паскаль заңы, Архимед күші сияқты маңызды физикалық заңдармен танысады.

Тәжірибе нәтижесінен бір ғана күштің (бұл жағдайда гіртасының салмағы) әртүрлі әрекет ететінін байқаймыз. Бату тереңдігі шегелердің қай жағымен қойылғанына, яғни олардың беттік ауданына тәуелді. Шегенің беттік ауданы неғұрлым кіші болса (шегенің үшкір жағының ауданы), оның бату тереңдігі соғұрлым көп болады.


«Қысым» тақырыбы оқушыларға тек физикалық заңдарды түсінуге көмектесіп қана қоймай, оны өмірде қолдануға, табиғи құбылыстарды талдауға және ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.


Сабақта берілген сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың талдау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытып, сабақты бекітуге көмектеседі.

Материалды «Мектеп» баспасының және Oqulyqtar.kz білім беру платформасының баспасөз қызметі дайындады
Суреттер: «Мектеп» баспасы