09.12.2024

Сыни ойлау дағдысы – оқушы тұлғасын қалыптастыру кепілі

«Қазақ тілі мен әдебиеті. Тіл байрақ» 8-сынып оқулығының екінші бөлімі өте сәтті шыққан. Оған дәлел ретінде оқулықтың жалпы мазмұнын алсақ болады. Өзімізге белгілі әртүрлі шығармалар мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар, заман талабына сай сөздіктерді, аудиожазбаларды қамтыған. Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым тілдік дағдыларды жеке бөліп, тақырыпқа тапсырмалар қарастырған. Соның ішіндегі жазылым дағдысының тапсырмалары балаларға тиімді болары сөзсіз. Себебі бұл тапсырмалар оқушының шығармашылығын, ұлттың рухани құндылығын кеңінен ашып көрсетуге көмектеседі. Атап айтар болсақ, 12-беттегі 13-тапсырма оқушының сыни ойлау қабілетін дамытады. Қандай да бір тұжырымды, қандай да бір ақпаратты ала отырып, өзінің соған деген көзқарасын, ой-тұжырымын дамытады. Тапсырмада көрсеткендей белгілі бір ғалымдардың еңбектерімен өз пікірін байланыстырады.

Навыки критического мышления — залог формирования личности учащегося.


Вышла вторая часть учебника для 8 класса «Қазақ тілі мен әдебиеті. Тіл байрақ». Учебник содержит различные известные произведения и задания, соответствующие возрасту учащихся, современные словари, аудиозаписи. Языковые навыки, такие как чтение, письмо, произношение, аудирование, выделены индивидуально, есть различные задания по теме. Задания на навыки письма, несомненно, будут эффективны для детей, потому что они помогают широко раскрыть творчество учащегося, духовные ценности нации. В частности, задание 13 на стр. 12 развивает критическое мышление учащегося. Приобретая какую-то формулировку, какую-то информацию, развивается собственное отношение к ней, связывая своё мнение с трудами тех или иных учёных, как показано в задании.

Төлеген Ақерке