05.02.2025

Ұлттық құндылықтар негізі – отбасылық құндылықта

11-сынып оқулығының 2-бөліміндегі «Әкеге қарап ұл өсер» тақырындағы 5-тапсырма шарттары бойынша жұмыс істеу арқылы балалар отбасылық құндылықтар туралы мол ақпарат алады. Құндылықтардың тәрбиелік мәнін түсінеді. Мысалы, мәтіннен үзінді айта кетсек: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» – дей отырып, қазақ отбасында әкелер бар өнерін ұрпағына үйретіп, мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген». Осындай мәтінді оқушы күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынас барысында естіп, біле алады ма?! Жоқ! Ал бұл оқулықтағы осы мәтінде отбасылық құндылық балаға түсінікті тілмен берілген. Яғни оқушы мәтінді оқи отырып, отбасындағы әкенің орнын, әкенің қадірін, отбасының басты құндылығының бірі «әке» екенін біледі. Осыған ұқсас оқылым тапсырмасы «Абай жолы» роман-эпопеясының үзіндісі бойынша берілген. Оқушы осы мәтінді оқу арқылы отбасылық құндылықпен бірге ұлттық құндылықтарды да бойына сіңіре алады.

Кеңесбек Ақбота, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті