09.03.2025

Білім беруді цифрландыру: технологияның болашағы

Қазақстанда білім берудегі цифрландыру бүгін немесе кеше басталған жоқ. Оқу процесіне цифрлық технологияларды белсенді енгізу, алғашқы толыққанды электрондық оқулықтар пайда болып, республиканың білім беру платформасында таратыла бастаған 2018 жыл деп есептеуге болады.


Содан кейінгі пандемия кезеңінде мектептер қашықтан оқыту жүйесіне мәжбүрлі түрде көшті. Мұның бәрі жаңа технологияларды енгізу процесін жеделдетіп, отандық баспагерлер үшін ынталандырушы факторға айналды. «Мектеп» баспасы осы саладағы бастамашылардың бірі болып табылады. Бүгін Oqulyqtar.kz платформасы – республикадағы ең танымал және ең ірі білім беру цифрлық ортасының бірі. Oqulyqtar электрондық оқулықтар кітапханасында барлық пәндер мен сыныптар бойынша жүздеген оқу кешені бар. Бұл платформада «Мектеп» баспасынан басқа «Атамұра» баспасының оқулықтары да ұсынылған.


Айта кетсек, білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізудің келесі қадамдары сөзсіз оң нәтиже береді. Электрондық оқулықтарды стандарттау өте маңызды. Бұл бағытта бейінді мекемелер баспалармен бірлесіп жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар оқу процесіне тиімді қосымша болатыны күмәнсіз.


Сонымен қатар мектептерде планшеттерді немесе смартфондарды қолданудың өзі оқулықтарды алмастырмайтынын және оқушылар ауыр рюкзактардан арылмайтынын түсіну керек. Сұрақ, бір қарағанда, күрделі. Жауап түсінікті болса да: біздің балалар мен мұғалімдер білім алуда қолданатын сапалы электрондық оқулықтардың толық жиынтығы қажет. Дәл осы салаға аса көңіл бөлу керек. «Мектеп» баспасы авторлар, редакторлар мен әдіскерлер ұжымының тәжірибесі мен дағдыларын пайдалана отырып, тиісті контент жасаумен айналысады. Айта кету керек, Oqulyqtar.kz платформасы өзін жақсы жағынан көрсете білді. Бұл – білім және бейіндік құрылымдар министрліктің барлық талаптарына, стандарттары мен нормативтеріне сәйкес келетін тиімді оқу процесін ұйымдастырудың қолжетімді және қарапайым құралы.


Қазақстандық баспалардың электрондық оқулықтары толығымен отандық өнім екенін түсіну маңызды. Сонымен болашақ дәл осындай технологияларға байланысты: планшет және электрондық оқулықтары бар портал және онда әр оқушы қажетті материалмен қамтамасыз етіледі.


Қазақстанда білім беруді цифрландыруға іс жүзінде ештеңе кедергі болмайды. Бұл жерде біз бастамашы емеспіз: бәріміз электронды Үкімет, қолма-қол ақшасыз төлемдер, онлайн сатып алу, тамақ пен азық-түлік жеткізу және т.б. сияқты қызметтерге бұрыннан үйрендік. Айта кету керек, біз бұл артықшылықтарды қуана қолданамыз. Олай болса, неліктен бұл жұмысты білім беру саласында жалғастырмасқа?


Әрине, скептиктер мен сыншылар бар, олар, негізінен, цифрландыруда баланың денсаулығына, ең алдымен, көру қабілетіне зиян келтіретінін баса айтады. Бұған екі маңызды қарсы дәлел келтіруге болады. Біріншіден, бұдан 20 жыл бұрынғы қарапайым адам бірнеше ай, мүмкін жыл бойы алған ақпарат мөлшерін қазіргі балалар бір күнде қабылдайды. Бұл интернет негізінде жылдам жүзеге асып отыр. Сіз бір орында тұрып, өткен мен бүгінді, әсіресе болашақты салыстыра алмайсыз. Әлем сағат сайын өзгеріп отыр және біздің балаларымыз осы әлемде өмір сүруде. Екіншіден, балалар күн сайын телефонды немесе планшетті (үй теледидарларына қарағанда әлдеқайда қауіпсіз экрандар бұрыннан орнатылған) ойын ойнау және сөйлесу үшін пайдаланады. Сонымен осы уақыттың бір бөлігі пайдалы және дамытушы процесті – оқытуды толықтырсын.

«Мектеп» баспасының және Oqulyqtar.kz білім беру платформасының баспасөз қызметі